халықаралық балалар вокальды фестивалі

  • 2019 жылғы 10-14 шілде
  • Қазақстан, Ақтөбе қаласы

ЖОБА ТУРАЛЫ

«Baqytty bala» байқауын жас таланттар фабрикасы деп атауға болады. » Baqytty bala -2018″ финалистері жыл бойы өздерінің жас ерекшеліктеріне қарамастан, табысты әртістер ретінде өздерін жоғары қырынан көрсете білді. Мысалы, «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауының ұлттық іріктеу суперфиналисттерінің жартысы – «Baqytty Bala» I фестивалінің қатысушылары. Айталық, Ержан Максим – мәскеуліктерге өте танымал ресейлік » Голос. Дети» фестивальінің екі Гран-приінің бірін иеленіп, жүлделі екінші орынды қанжығалады. Ал екінші Гран-при иегері Наргиза Жанұзақова әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің Лондонда өткен жеке концертінде өнер көрсетті. Мұндай мүмкіндікті Димаш Наргизді «Baqytty Bala-2018» марапаттау рәсімі кезінде өзі сыйға тартты.

«Baqytty bala – 2019»
ІІ ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауының
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
1.1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай 2019 жылдың 10-14 шілде аралығында Ақтөбе қаласында «Baqytty bala – 2019» ІІ ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) өткізіледі.
1.2. Бұл бірнеше кезеңде өтетін балалар шығармашылығының ауқымды жобасы:
1. қашықтықтан іріктеу туры;
2. балалар эстрадалық әндерінің ақтық сайысы;
3. эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала концерт;
4. байқауға қатысушыларды марапаттау рәсімі;
1.3. Фестивальді дайындау және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті
құрылады, ол фестиваль-байқауды техникалық және заңды жағын қамтамасыз етеді.
1.4. Фестиваль-байқаудың құрылтайшысы Ақтөбе қаласының әкімдігі.
Фестивальдің уәкілетті органы «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ болып табылады. Байқаудың ұйымдастырушысы «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК.

2. Фестиваль-байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;
2.2. Қоғамның әлеуметтік мәдениетін дамыту мақсатында патриотизмді тәрбиелеу;
2.3. Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін музыкалық өнерді ілгерілету арқылы салауатты өмір салтын насихаттау;
2.4.Шығармашылық байланыстар орнату, ұжымдар мен басшылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

3. Фестиваль-байқауды өткізу шарттары мен тәртібі

3.1.Эстрадалық ән байқауына 10-15 жас аралығындағы балалар
қатыса алады. Фестиваль-байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 31 мамырына дейін. Қашықтық іріктеу туры ұйымдастыру комитетінің фестивальдың baqytty-bala@mail.ru электрондық поштасына жіберілген аудио-жазбалар (MP3) және бейне-материалдарды (MP4) тыңдауы арқылы өтеді (барлық жазбалар компьютерлік өңдеусіз жанды дауыста орындалуы тиіс). Осы мәліметтер негізінде қатысушылардың соңғы шорт-парағы құрылады. Келесі кезеңге өткен қатысушылар 2 композицияны дайындауы керек:
– Ана тілінде ән (бұл өз елінің хиті және авторлық әні болуы мүмкін);
– Әлемдік хит немесе авторлық ән (баланың жасына сәйкес жұмыс құпталады).
3.2. Фестиваль-байқауға қатысушылардың келуі және дайындығы 2019 жылдың 10-12 шілде аралығында басталады.
3.3. Ақтық байқау Қазақстан Республикасының Ақтөбе қаласында «Өнер Орталығы» ғимаратында екі күн бойы өтеді.
3.4. Фестиваль-байқауға қатысушыларды мәдени бағдарламалар, қаланың көрікті жерлерімен таныстыру күтіп тұр.
– Байқаудың бірінші күні – екі композицияда байқау шығармаларын орындау;
– Екінші күн – шақырылған эстрада жұлдыздары фестивальдің финалистерінің бірлесуімен Гала концерт, қатысушыларды марапаттау, фестивальдің салтанатты жабылуы.
– Күнделік
– Фестиваль БАҚ (республикалық, облыстық) арқылы жарияланады.
3.5. Фестиваль-байқаудың қатысушылары, қонақтары келесі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті:
– қауіпсіздік техникасын сақтау;
– өз өмірі мен денсаулығы үшін, сондай-ақ өз балаларының өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік;
– жанжалды жағдайларды тудырмау;
– адамдар көп жиналатын жерлерде тәртіп ережелерін сақтау;

4. Фестиваль-байқауды қаржыландыру

4.1. Фестиваль-байқауды қаржыландыру бюджет қаражатынан
жүзеге асырылады.
4.2. Байқау қатысушыларын жатын орынмен қамтамасыз ету және тамақтану ұйымдастырушының қаражаты есебінен, жол шығындары жіберуші жақтан төленеді.
ЕСКЕРТУ: Байқау қатысушыларының жетекшілеріне, ата-аналарына жол шығындары, тұру және тамақтану өз есептерінен.
4.3. Фестиваль шығын сметасын фестиваль ұйымдастырушылары бекітеді.
Сахналық көріністерді жүзеге асыру және өнер туындыларын, оның ішінде:
– сахнаны арнайы эффектілермен және шарлармен сахналық көркем безендіру;
– гүл композицияларын жасау бойынша қызметтер;
– баспалық қызметтер;
– автокөлік құралдарын жалға алу;
– реквизиттерді (тауарларды) және өзге де тауарларды, қызметтерді сатып
алу фестиваль-байқауды ұйымдастырушының қаражатынан жүзеге асырылады;
4.4. Фестиваль-байқауды ұйымдастырушылар бірыңғай стильді әзірлейді.
Сондай-ақ қажетті жарнамалық-ақпараттық өнімдер шығарады, БАҚ-пен ақпараттық-демеушілік қарым-қатынас орнатады.
Фестиваль туралы ақпарат баспасөз және интернет ресурстарында және
теледидар арқылы хабарландырылады. Фестивальдің материалдары мен қорытындылары бейне – және фото есептерде көрсетіледі.

5. Фестиваль-байқаудың қазылар алқасы

5.1. Фестиваль-байқаудың қазылар алқасы өнер саласының жетекші қайраткерлерінен, еңбек сіңірген қызметкерлерінен және мәдениет саласындағы сарапшылардан, сондай-ақ эстрада жұлдыздарынан құралады.
5.2. Қазылар алқасы құқылы:
1) барлық сыйлықтарды бермеуге;
2) лауреаттар арасында бір жүлделі орынды бөлуге (гран-приді қоспағанда);
3) дипломант атағын және арнайы жүлделерді тағайындауға.
5.3.Ұйымдастырушылар фестивальдің өткізілу мерзімі мен орнын қайта қарауға және ауыстыруға құқылы.

6. Фестиваль-байқаудың қорытындысын шығару

6.1. Фестиваль-байқаудың қорытындысы конкурстық тыңдау аяқталғаннан кейін шығарылады. Қазылар алқасы Гала – шоу кезінде «Baqytty bala – 2019» вокалдық фестиваль-байқауының Гран-при құрметті атағы және 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай грант үшін сайысқа түседі.
Гран-При – 500 000 мың теңге
I орын – 300 000 мың теңге
II орын – 250 000 мың теңге *2
III орын – 150 000 мың теңге * 3

6.2. Байқаудың нәтижелері бірінші жарияланғаннан кейін концерттік шоу-бөлім басталады, оған жеңімпаздар және супер-финалға өтпеген қатысушылар ең жарқын нөмірлерімен шығады.

7. Фестиваль-конкурстың ерекше ережелері

7.1. Гала-концерт фестиваль-байқаудың қорытындысы ретінде:
– фестиваль нәтижелерін жариялайды;
– дипломдар мен сыйлықтарды тапсырады.
7.2. Гала-концерт бағдарламасын режиссерлік-қойылымдық топ анықтайды.
Ұйымдастыру комитеті фестиваль-байқауға қатысушыларды арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапаттай алады.
Қазылар алқасының шешімі түпкілікті, қайта қарауға және шағымдануға жатпайды.
7.3. Қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетіне дәлелсіз қарым-қатынас көрсеткен жағдайда қатысушы фестивальдан алынып тасталуы мүмкін. Нәтижесінде, қорытынды есепте қатысушыны шеттетудің себебі көрсетіледі. Ұйымдастыру комитеті фестивальді ұйымдастыру бойынша наразылықтарды тек жазбаша түрде қабылдайды.