Бақытты балалардың үлкен болашағы! 2018-11-20T19:12:26+00:00

халықаралық балалар вокальды фестивалі

Әлемге бойыңдағы талантыңды көрсет, өзіңнің сүйікті әншіңмен бірге бір сахнада ән шырқап, үлкен ақшалай грантты ұтып ал!

Baqytty bala

Бақытты балалардың үлкен болашағы!

1-3 маусым 2018 жыл
Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы
«Өнер орталығы»

ЖОБА ТУРАЛЫ

Ақтөбе облысында маусым айында өткен «Baqytty Bala» бірінші ашық вокалдық балалар фестиваль байқауының гран при иегері, Димаш Құдайбергеннің арнайы сыйлығын жеңіп алған Нарғыз Жанұзақова Ұлыбритания елінде, Лондон қаласында «Royal festival hall” залында, Қазақстанның мәдениет күндері аясында Ақтөбелік Димаш Құдайбергеннің жеке концертінде өнер көрсетті. «Бақытты бала» фестиваль конкурсының барлық кезеңінен өтіп, финалға шыққан 20 қатысушылардың арасынан топ жарған Нарғыз, бүгінгі таңда үлкен жетістіктерге жетіп жатыр.

Нағыз әртіс болатын мүмкіндігіңді жіберіп алма!

Ақтөбе қалалық әкімдігі және «Димаш Али» шығармашылық орталығы «QAZAQSTAN» республикалық Ұлттық телеарнасының қолдауымен жас әншілерді «Baqytty bala» бірінші ашық балалар вокальды фестиваль-байқауына қатысуға шақырады.

«Baqytty bala» фестивалі – нағыз өнер додасы! Өнерде шекара жоқ, ендеше қатысушыларды әлемнің барлық нүктесінен күтеміз!

ЖОБА ҚОНАҚТАРЫ

ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Эмре Юселен

Түркияның белгілі әншісі және вокал оқытушысы. Көптеген әндердің үздік орындаушысы. Белгілі бейне-блогер.

Күлпаршын Айдарханова

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары.

Марат Әйтімов

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Ақтөбе облыстық филармониясының солисі, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің оқытушысы.

Влад Сытник

Әртіс, оны «Украинаның Алтын Дауысы» деп атайды. Витебск қаласында өткен «Славян базары — 2017» байқауының жеңімпазы. 2017 жылы оның есімі әлемнің 30 ең үздік дауыс иелері қатарына енді.

Жеңіс Ысқақова

Қазақстан эстрада әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Москва қаласында өткен «Виват, Виктория» халықаралық байқауының Бас жүлде иегері.

Нодира Перматова

Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.

ҚАТЫСУШЫЛАР

Алтынбекқызы СанияҚазақстан
Асуат СанатҚазақстан
Байменова НазгүлҚазақстан
Гриценко ЛюбовьУкраина
Диденко АринаРесей
Жанзақова НаргизҚазақстан
Жидебай МейіржанҚазақстан
Затворницкая МарияҚазақстан
Қажымұрат ЕркинҚазақстан
Лазополус ИоанисГрекия
Максим ЕржанҚазақстан
Махлина МарияРесей
Муканов ЕрасылҚазақстан
Мусагалиева АсияҚазақстан
Мусаев СадоратӨзбекстан
Мухамеджанова АделинаҚазақстан
Орда АйкенайҚазақстан
Сансызбай БалаусаҚазақстан
Сатиев РахманҚазақстан
Сейілханова СаяҚазақстан